×

Қарағандылық әйел өзінің «қайтыс болғанын» 10 жылдан кейін бір-ақ білген

Бұл жағдайға қатысты Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді

 Еркеғали Болатұлы 10.06.2022 | 17:37
фото: inform.kz

Қарағандыда 38 жастағы Надежда Липина мерзімі өткен жеке куәлігін ауыстырмақ болып, ХҚКО-ға барған. Ал ондағылар оған 2012 жылдан бастап деректер базасында «қайтыс болған» деп тіркелгенін хабарлапты.

Осы жылдар ішінде ресми жұмыс істеймін, барлық аударымым бар. Несие алдым, 2018 жылы бала тудым, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алдым. Маған АХАТ тіркеу кітабында «қайтыс болғаным» жазулы тұрғанын айтты. Бұл қалай болуы мүмкін? Түсінсем бұйырмасын, - дейді Надежда Липина.

Абырой болғанда, екі аптадан кейін ХҚКО-дан оған қатенің түзетілгені және құжатты ауыстыруға келе алатыны хабарланған. Кейін бұл жағдайға қатысты Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Липина жүгінген кезде мәліметтер базасында 2012 жылы «азаматтың қайтыс болуына байланысты» себебін көрсете отырып, қате жойылғаны анықталды. 9 маусымда деректер базасына түзету енгізілді. Азаматша Липина жалпы тәртіпте құжат рәсімдей алады», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама