Оны құтқаруға бірнеше сағат кеткен
Қарағанды қаласында ер адам бес қабатты үйдің төбесінен секірмек болды. Оны тәртіп сақшысы прокурормен және құтқарушылармен бірлесіп құтқарды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
«8 маусымда Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің нарядтарының бірі қаланың оңтүстік-шығыс секторында қызмет атқарды. Сағат 14.15 шамасында жедел басқару орталығынан патрульшілерге Дүйсенбеков көшесіндегі бес қабатты үйдің төбесінен ер адам секіруге тырысып жатқаны туралы хабарлама түсті. Санаулы уақытта сақшы оқиға орнына келді. Бір азаматтың өзін-өзі өлтіретінін айтып, шатырдың шетінде тұрғаны расталды», – деді ІІМ.
Полиция, прокуратура мамандары құтқарушыларымен бірге үйдің төбесіне көтерілді. Тәртіп сақшысы өзін-өзі өлтіруге тырысқан азаматтың көңлін аулап, онымен келіссөздерге кірісті. Келіссөздер жүргізген полицейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай қызметкерлері белдікке сақтандыру арқанын байлады.
Ол күн астында, ыстық шатыр үстінде 3,5 сағатқа созылған ұзақ келіссөздерден кейін ер адамды ойланбай әрекет жасамауға көндірді. Азамат медициналық және психологиялық көмек көрсетілу үшін құтқарушыларға берілді. Талқылау барысында 22 жастағы қала тұрғынының әйелімен ұрысып қалып, содан кейін өмірін қиюға шешім қабылдағаны анықталды. Оның наркологияда да, психоневрологиялық диспансерде де профилактикалық есепте тұрмайтыны анықталды. Бұған дейін жас отбасының жаман жақтары тіркелмеген, – делінген ақпаратта.
АҚШ-та суицид жасамақ болған әйелді қазақ азаматы құтқарып қалды. Атырауда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды. Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды. Астанадағы көпірден тағы бір адам ажалдан құтқарылды. Елордада әйел терезеден секірмек болды.