×

Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды

Ол алдымен көлік астына түспекші болған екен

 Қымбат Елтайқызы 23.05.2022 | 09:50
фото: polisia.kz

Шымкенттік полицей көпірден секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

Тәртіп сақшысының айтуынша, ол сол маңдағы Қапал батыр көшесіндегі көпірден бір адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болып, көпірдің жақтауында секіргелі тұрғанын көрген. Аталған жайт күндіз болған. Бұл жағдайға бейжай қарамаған полиция қызметкері дер кезінде оқиға орнына жеткен. Оны сөзге тартып, жанына жақындап, қауіпсіз жерге шығарған. Осы оқиға сақшының бейнежетонына жазылған. Сондай-ақ жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларынан азаматтың алдымен жолдағы көліктердің астына түспекші болғаны анықталды.

Қызмет барысында менде мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Мен жеткенше ол адам жаман қадамға бармай, өмірін құтқарып қалсам екен деген ниет болды. Аллаға шүкір, азаматты құтқарып үлгердік, ол дін аман, – деді тәртіп сақшысы Жанболат Тастахов.

Өмірімен қош айтыспақ болған тұрғыннан мән-жайды анықтау үшін ол Еңбекші ауданы полиция басқармасына жеткізіліп, кейін үйіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама