×

Атырауда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

Оқиға түнде болған

 Халық үні 21.02.2022 | 15:18
фото: ашық дереккөзден

Атыраулық полицейлер түнде көпірден секірмек болған қызды құтқарды.

21 ақпан күні сағат 03:08 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Атырау мөлтек ауданындағы көпір үстінде белігісіз әйелдің секіргелі тұрғанын байқаған.

Жедел басқару орталығының кезекші инспекторы мән-жайды бейнекамера арқылы анықтап, радиоқабылдағышпен жақын маңдағы қызметкерлерге бағыттама берген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көпірден секірмек болған 23 жастағы қызды құтқарды, – дейді полиция.

«Барлығы жақсы аяқталғанына қуандым. Хабарламаны естігенде көпірге үлгеруді ғана ойладық. Азаматша көпір үстінде тұр екен. Тек шапшаңдық қажет екенін түсіндім», – деді полиция қызметкері Ерболат Мағзомов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама