×

Павлодарда аялдамадан адамның мәйіті табылды

Оның денесінде зорлық белгілері жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 10.06.2022 | 15:44
Көрнекі фото

Павлодар қаласында аялдамалардың бірінен ер азаматтың денесі табылды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам № 18 мектеп маңындағы аялдамадан табылған. Марқұм 1955 жылы туған, 67 жаста болған.

Осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның денесінде зорлық белгілері жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама