×

Елордада кәсіпкер алаяқтарға 100 млн теңгесін беріп қойған

Полицейлер астаналықтарды сақ болуға шақырады

 Дәурен Ерболат 10.06.2022 | 15:31
Фото: inbusiness.kz

Нұр-Сұлтанда кәсіпкер алаяқтарға 100 миллион теңге беріп, алданып қалған, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция басқармасы алаяқтық дерегінің жиілеп кеткенін ескертеді. Бүгінде полиция қызметкерлері алаяқтықтың 200 дерегін тергеп жатыр. Тұрғындарға келген шығын көлемі 600 миллион теңгеден асады. 

Ведомство мәліметінше, биыл мамырда бір топ алаяқ кәсіпкерді 100 миллион теңгеге сан соқтырған.

Жәбірленуші белгісіз адамдар оған қоңырау шалып, өзін прокуратура қызметкерлері ретінде таныстырғанын айтты. Олар Ұлттық банкімен бірлесіп, оның атына кредит рәсімдеуге тырысып жатқан алаяқтарды әшкерелеу бойынша іс-шаралар өткізіп жатқанын хабарлаған. Әңгіме барысында алаяқтар кәсіпкердің барлық жинағын шешіп алуға, әрі қаражатты терминал арқылы резерв шоттарға жіберуге көндірген. Осылайша, жәбірленуші алаяқтарға 100 миллионнан аса теңгесін берген. Ол алданып қалғанын бірнеше күннен соң түсінді, - деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ұстап, қамауға алды. Бүгінде бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама