×

Қарағанды облысында браконьерлерден 20 тоннаға жуық балық тәркіленді

Елімізде заңсыз балық аулау фактілері азаймай тұр

 Қымбат Елтайқызы 07.06.2022 | 12:00
фото: polisia.kz

Жергілікті полицейлер жыл басынан бері браконьерлерден 18 жарым тонна балық тәркіледі, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Қарағанды ​​облысының табиғатты қорғау полициясы заңсыз балық аулаудың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Тәртіп сақшылары тұрақты негізде облыстың өзен-көлдерінде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Осы жолы да тиісті құжатсыз балық аулаған адамдар анықталды. Заңсыз балық аулаушылар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылды», – дейді ІІМ.

Мәселен, жыл басынан бері балық аулау ережелерін бұзудың 324 фактісі анықталса, оның ішінде 13 заң бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Браконьерлерден 18 тонна 569 келі балық және аулау құралдарымен қоса 38 600 метр ау алынды.

«Бекіре» акциясы: Заңсыз айналымнан 20 тоннадан астам балық алынды. Заңсыз балық аулау: Қызылорда облысында 30 заң бұзушылық анықталды. Шығыс Қазақстанда браконьерлерден екі тонна балық тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама