×

Заңсыз балық аулау: Қызылорда облысында 30 заң бұзушылық анықталды

Өңірде «Уылдырық» шарасы өтті

 Қымбат Елтайқызы 03.06.2022 | 09:50
фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 30 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

ІІМ мәліметінше, қала аумағында көктемгі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезінде заң бұзушылықты болдырмау әрі алдын алу, анықтау мақсатында «Уылдырық-2022» атты жедел профилактикалық шарасы өтті. Іс-шара барысында табиғатты қорғау тобының инспекторы жануарлар дүниесін қорғау қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағына қарасты су орындарында заңсыз балық аулауды болдырмау, жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

«Шара кезінде барлығы 30 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ӘҚБтК-нің 383-бабымен (балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) – 5, ал 382-бабымен (жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын әрі аң аулау қағидаларын бұзу) 25 заң бұзушылық анықталды», – дейді ведомство.

«Бекіре» акциясы: Заңсыз айналымнан 20 тоннадан астам балық алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама