×

«Бекіре» акциясы: Заңсыз айналымнан 20 тоннадан астам балық алынды

Тәртіп бұзушыларға 17 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

 Қымбат Елтайқызы 31.05.2022 | 11:59
фото: экология министрлігі

«Бекіре-2022» балық қорғау акциясы барысында инспекторлар 20 тоннадан астам балықты заңсыз айналымнан алды, деп хабарлайды экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

«Акция барсында «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 1138 дерегін анықтады. Соның нәтижесінде 833 адам әкімшілік жауапқа тартылды», – дейді экология министрлігі.

Сонымен қатар 54 іс сот органдарына жолданды. Браконьерлік, қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату әрі сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз пайдалану фактілері бойынша 53 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 16,9 млн теңге айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 20 тонна балық алынды. Оның ішінде 1764 кг бекіре тұқымдас балық түрлері алынып тасталды. Сондай-ақ 555 балық аулау құралы мен 119 су көлігі анықталды. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстары нәтижесінде су айдындарынан жалпы ұзындығы 20 км-ге жуық 1989 заңсыз балық аулау құралы алынды, – дейді ведомство.

Атап өтсек, осы жылғы 30 наурызда экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Жайық-Каспий» бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2022» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды.

Атырауда 100 келіге жуық бекіре балығын тасымалдаған тұрғын ұсталды. Бекіре-2022: Бір аптада тоннаға жуық балық заңсыз айналымнан алынды. Каспий теңізінде 100-ден астам браконьер құрықталды. Каспийде тағы 60-тан астам өлі итбалық табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама