×

Бекіре-2022: Бір аптада тоннаға жуық балық заңсыз айналымнан алынды

Елімізде балық қорғау акциясы өтіп жатыр

 Қымбат Елтайқызы 10.04.2022 | 12:40
фото: ашық дереккөзден

«Бекіре-2022» балық қорғау акциясының бірінші аптасында заңсыз айналымнан 911 кг балық алынды. Сондай-ақ броконьерлік фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды.

Акция басталғаннан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 101 дерегін анықтады. Соның нәтижесінде 80 адам әкімшілік жауапқа тартылды, – дейді экология министрлігі.

Сонымен қатар 4 іс әкімшілік сот органдарына жолданды. Заңсыз балық аулау дерегі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 1,5 млн теңге айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 911 кг балық, 33 балық аулау құралы, 33 суда жүзу құралы алынды. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстары нәтижесінде су қоймалары 94 заңсыз балық аулау құралынан тазартылды.

Атап өтсек, «Бекіре-2022» кең ауқымды балық қорғау акциясы жыл сайын сәуір-мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43