Семейде есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді

Қымбат Елтайқызы

Бұл есірткі жастарға сатылмақ болған

фото: Halyq Uni

Семейде есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын жалғастыруда.

Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде Семейде есірткі заттарын жеткізу және өткізу арнасын реттемек болған 38 жастағы қала тұрғыны анықталды. Жедел уәкілдер қаскөйді қылмыс үстінде ұстады. Тінту барысында оның үйінен 25 келіден астам марихуана табылды.

Күдікті марихуананың ірі партиясын 335 полиэтилен пакетке салып, оларды қала жастарына одан әрі сату үшін дайындаған. Қазір оның әрекеттері қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сараланады және ол сот санкциясымен қамауға алынды, – деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Есірткіні іш киіміне жасырып, алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды. Түркістан облысының тұрғыны ірі көлемде есірткі өсірген. Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіленді. ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды. ҰҚК екі айда 2,3 млрд теңгенің есірткісін анықтады. Ақтөбе облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды. Есірткі сақтап, тасымалдаған атыраулық оқушы 7,5 жылға сотталды.