Ғимарат иелеріне миллиондап айыппұл салынса да, пандустардың жағдайы әлі де мәз емес
Елімізде көптеген ғимарат пандустарының мүмкіндігі шектеулі адамдардың арбамен жүруіне ыңғайсыз екені жасырын емес. Осы жайлы Halyq Uni тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Инклюзия бойынша департамент директоры Динара Жұбановадан сұраған еді.
- Кейбір мемлекеттік органдар, ауруханалар мен жеке меншік компания ғимараттарының пандустары арбамен жүретіндерге жарамайды, тіпті кейде қауіпті болып келеді. Пандустарды ретке келтіру жұмыстары жүргізіле ме? Жүргізілсе, осы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
- Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді. Объектілерді бейімдеу бойынша әкімдіктердің жұмысы туралы толық ақпарат «Қолжетімділіктің интерактивті картасында» («Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы (inva.gov.kz) орналастырылады.
Объектілерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге жауапты жергілікті атқарушы органдар қолжетімділіктің интерактивті картасы бойынша жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу жөніндегі ақпаратты тұрақты негізде өзектендіреді. Компьютерден немесе телефоннан мүгедектігі бар адам үйден шықпай-ақ белгілі бір объектіге барар алдында оның қолжетімділік дәрежесін көруге мүмкіндігі бар.
Amanat партиясының Жол картасымен 2023 жылдан 2027 жылға дейін Қолжетімділіктің интерактивті картасында орналасқан барлық объектіні бейімдеу бойынша жұмыс жоспарланған. Жылдық орындалу пайызы 20% құрайды. Яғни, 2023 жылы картадағы нысандардың 20% бейімдеу жоспарланған, 2024 – 40%, 2025 – 60%, 2026 – 80%, 2027 – 100%.
Бүгінгі таңда Қолжетімділіктің интерактивті картасында бейімделген объектілердің жалпы саны 14 001 нысанды немесе оған енгізілген объектілер санының 35%-ын (40 мың нысан) құрайды.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысты айтсақ, әлеуметтік инспекторларға (Министрліктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері) мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету тұрғысынан (оның ішінде көру функциялары бұзылған адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша) мемлекеттік бақылау функциялары берілген.
Мәселен, соңғы 6 жылда (2018 жылдан 2023 жылға дейін) мүгедектігі бар адамдар үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету тұрғысынан мемлекеттік және жеке ұйымдарда 6091 тексеру жүргізілді (2018 – 527 тексеру, 2019 – 1080, 2020 – 854, 2021 – 875, 2022 – 1064, 2023 - 1691). 4568–ден астам нұсқама берілді (2018 - 442 нұсқама, 2019 – 850, 2020 – 616, 2021 – 660, 2022 – 843, 2023 - 1157).
236 млн теңгеден астам сомаға (2018 – 26,6 млн, 2019 – 38,6 млн, 2020 – 2,06 млн, 2021 – 18,2 млн, 2022 – 62,3 млн, 2023 - 89 млн) 1266 айыппұл салынды (2018 – 118 айыппұл, 2019 – 183, 2020 – 77, 2021 – 123, 2022 – 319, 2023 - 446).
Елімізде 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек және жеңілдік түрлері. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай мөлшерде жәрдемақы төленеді. Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балалар шипажайда демала ала ма – министрлік жауабы. Елімізде мүгедектігі бар адамдардың білім алуы мен еңбек етуіне арналған жеңілдіктер тізімі. Елімізде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қандай көмек көрсетіледі. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту құралдарымен қамту деңгейі артады.