×

Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балалар шипажайда демала ала ма – министрлік жауабы

Елімізде 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген

 Қымбат Елтайқызы 30.06.2024 | 15:01
фото: aqshamnews.kz/Қайрат Қоныспаев

«Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға шипажай, лагерь және тағы басқа қосымша ем-дом түрлері қарастырылған ба?» деген Halyq Uni тілшісінің ресми сауалына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Инклюзия бойынша департамент директоры Динара Жұбанова жауап берді.

«Қазақстанның Әлеуметтік кодексіне сәйкес, мүгедектігі бар ересектер мен балалар абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметімен қамтамасыз етіледі», – деді маман.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70% мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар, – деп толықтырды ол.

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 27 972 мүгедектігі бар ересектер мен балалар (28,3%) санаторийлік-курорттық қызметтермен қамтылған.

Елімізде 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек және жеңілдік түрлері. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай мөлшерде жәрдемақы төленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама