Осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылып жатыр
«Мүгедектігі бар адамдарды оңалту саласында өзгерістер бар ма? Жаңа құралдар енгізілді ме немесе жақында енгізілетін түрлері бар ма?» деген Halyq Uni тілшісінің ресми сауалына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Инклюзия бойынша департамент директоры Динара Жұбанова жауап берді.
«Қазақстан Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияны және конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Осылайша, мүгедектігі бар адамдарды қоғамға толыққанды интеграциялауға бағытталған шаралар кешенін одан әрі іске асыру бойынша міндеттеме алды. БҰҰ Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттер, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі басқа адамдардың қолдауымен мүгедектігі бар адамдарға барынша өмірлік аспектілерде тәуелсіздікке қол жеткізу және сақтау, толық физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік және кәсіптік қабілеттерге қол жеткізу және барлығын толық қосу және тарту үшін мүмкіндік беру үшін тиімді және тиісті шаралар қабылдайды. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, әсіресе денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету саласында кешенді абилитациялық және оңалту қызметтері мен бағдарламаларын ұйымдастырады, нығайтады және кеңейтеді.
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында олар техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-, тифлоқұралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары, санаторийлік-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері) қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдар 70-тен астам техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етіледі. Алайда, мүгедектігі бар адамдардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарының өзектілігі және қазіргі заманғы технологияларды дамыту тұрақты жаңартуды талап етеді.
Қазақстан Парламенті депутаттарының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, мүгедектігі бар адамдардың ұсыныстарын ескеріп, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, мыналар көзделеді:
1. Мүгедектігі бар балаларға және мүгедектігі бар адамдарға (ересектерге) арналған кресло-арбаларды ауыстыру мерзімдерін қысқарту:
2. катетерлер санын 2024 жылғы 1 шілдеден бастап айына 1 данадан 4 данаға дейін (жылына 48 данаға дейін) ұлғайту;
3. мүгедектігі бар адамдардың барлық тобын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық аяқ киіммен, аппараттарға (протездерге) арналған аяқ киіммен, емдеу-профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету, заңнамадағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында протезге арналған қаптың сыныптауышына енгізу;
4. дыбыстық жазбаны ойнату үшін плеерды тифлофлешплейерге ауыстыру;
5. көру қабілеті нашар адамдарды және есту қабілеті нашар адамдарды веб-камерасы бар ноутбукпен, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукпен, Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығарудың кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютермен, еңбекке қабілетті жас бойынша шектеулерді алып тастай отырып, қамтамасыз етуге медициналық көрсеткіштерді қайта қарау.
Осы нормаларды қабылдау барынша тәуелсіздікке қол жеткізуге, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік және кәсіби қабілеттерін сақтауға және оларды өмірдің барлық аспектісіне қосуға ықпал етеді. Оңалтудың техникалық құралдарының тізбесін өзектендіру 45 819 қызмет алушыны қамти отырып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғауға, оның ішінде абилитацияға, оңалтуға, қоғамға кірігуге құқығы бар. Қазақстан Парламенті депутаттарының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, мүгедектігі бар адамдардың ұсыныстарын ескеріп, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, оңалтудың техникалық құралдарының жаңа түрлерін (декубитке қарсы матрас және функционалдық төсек) тізбеге енгізу көзделеді. Бұл шаралар мүгедектігі бар 4 мыңнан астам адамды қамтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтуды ұлғайтуға, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту шеңберінде 2023 жылғы шілдеден бастап Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жеке секторды тарта отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін енгізу көзделеді. Пилоттық жоба шеңберінде мүгедектігі бар балаларды арнайы әлеуметтік қызметтермен (тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық бұзылыстары бар) қамту жоспарланып отыр. Бұл бәсекелестік жағдайында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мүгедектігі бар адамдардың 45% тұратын шалғайдағы ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар мен отбасыларды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, бұл жобаны іске асыру ірі интернат үйлерін трансформациялауға мүмкіндік береді және ірі интернат үйлерінде қызмет көрсетуден шағын жинақталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарына үздіксіз ауысуға қызмет етеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, пилоттық жоба аясында сыйымдылығы шағын үйлер Орал, Түркістан, Қарағанды, Көкшетау, Астана және Шымкент қалаларында ашылып, 100-ге жуық балаға қызмет көрсетті», – дейді маман.
Елімізде 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек және жеңілдік түрлері. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай мөлшерде жәрдемақы төленеді. Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балалар шипажайда демала ала ма – министрлік жауабы. Елімізде мүгедектігі бар адамдардың білім алуы мен еңбек етуіне арналған жеңілдіктер тізімі. Елімізде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қандай көмек көрсетіледі.