×

Астана әуежайында түнгі рейстер қашан тәулік бойы жұмыс істейтіні хабарланды

Әуежайдағы жөндеу жұмыстарына байланысты кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі рейстер тоқтатылды

 Дәурен Ерболат 20.06.2024 | 12:15
Мақсат Қалиақпаров, фото: Halyq Uni/ Дәурен Ерболат

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана халықаралық әуежайында ұшақтар неге таңға дейін ұшпайтынын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әуежайда қазір жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

«Астана әуежайына Abu Dhabi Ports атты жеке инвестор келді. Ол әлемдегі 15 әуежайға иелік етеді, халықаралық тәжірибесі айтарлықтай жоғары. Техникалық және қаржылық аудит жүргізді. Содан кейін онда ұшып-қону жолағын жөндеу керек болды. Сондықтан инвестор өз қаржысы есебінен жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл – уақытша құбылыс. Жақында (жөндеу жұмысы) аяқталады. Әуежай штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Жұмыс уақытында аяқталады», - деді Мақсат Қалиақпаров Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Еске салайық, бұған дейін Астана халықаралық әуежайының басшылығы аэропортта ұшақтар кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейін ұшпайтынын хабарлады.

Астана әуежайы 2024 жылдың 1 мамырынан бастап 24 желтоқсанға дейін түнгі рейстерді қабылдамайды. Сондай-ақ кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін ұшақтар ұшып шыға алмайды. Бұған әуежайдың ұшу-қону жолағына жүргізілетін күрделі жөндеу себеп болған. Авиация сарапшысы Абыл Кекілбаев бұл өзгеріс әуежайды негізгі табысынан айырғанын айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама