Арнайы операциялар Қырғызстан және Өзбекстанмен бірігіп өткізілді
2022 жылғы сәуір-мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан мен Өзбекстанның арнаулы қызметтерімен әрі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізді.
«Есірткі трафигінің 9 халықаралық, 14 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды. Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 кг есірткі, оның ішінде: 90 кг синтетикалық есірткі (270 мың «бір реттік мөлшерге» тең), 85.2 кг марихуана, 14 кг апиын, 4 кг гашиш алынды. Бұдан басқа 800 экстази таблеткасы, 500 түп «голланд» марихуанасы, психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды», – дейді ҰҚК.
2 ай ішінде алынған есірткінің «қара нарықтағы» жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеден астамға бағаланып отыр.
Гашиш пен миллиондаған ақша: Елордада есірткі сатушылар құрықталды. Ақтөбелік тұрғын жылыжайда қарасора өсіріп, есірткі зертханасын ашқан. Есірткіні іш киіміне жасырып, алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды. Түркістан облысының тұрғыны ірі көлемде есірткі өсірген. Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіленді. ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды.