×

Құжатында – майор, шені – капитан: БҚО-да полицей ыңғайсыз жағдайға қалды (ВИДЕО)

Қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкерінен құжаттары сұралған

 Еркеғали Болатұлы 06.06.2022 | 11:05
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде кеше БҚО Бөрлі ауданындағы сайлау учаскелерінің біріне референдумға барған полиция қызметкерінің видеосы талқыланып жатыр. Оның иығындағы шені капитан болғанмен, қызметтік құжатында майор екені жазылған.

Қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкерінен құжаттары сұралған. Ыңғайсыз жағдайға сол кезде тап болды.

Ал БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшысына полиция майоры шені 30 мамырда берілген. Ал қызметтік куәлік 5 маусымда таңертең сайлау учаскесінде бір-ақ табысталыпты.

Сондай-ақ ол 4 маусымда сағат 23:00-де қызметке кіріскендіктен, погонын ауыстыруға мүмкіндігі болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама