ҰҚК марқұмның отбасына қажетті көмек көрсету үшін шаралар қабылдамақ
Алдын ала ақпарат бойынша, өзіне-өзі қол жұмсаудың себебі әскери қызмет өткерумен байланысты емес отбасылық-тұрмыстық мәселелер болыпты-мыс.
Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ведомство марқұмның отбасына қажетті көмек көрсету үшін шаралар қабылдайды, - делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар ауылында орналасқан әскери бөлімде 18 жастағы ақтаулық сарбаз Әлібек Қалбай жұмбақ жағдайда көз жұмған болатын. Сондай-ақ, «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген 19 жастағы әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердішев Қырғызстан аумағында өлі күйінде табылды.