×

Тағы екі облысты су басуы мүмкін: Қазгидромет ертеңгі болжамын жариялады

Бүгін бірқатар өңірде ауа райы күрт бұзылды. Қар мен жаңбыр жауып, жел күшейді

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2024 | 18:35
фото: akvo.com.ua

Алматы облысы

2024 жылдың 25-27 мамырында қатты жауын-шашын болжамына байланысты, 25-27 мамыр аралығында облыстың таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Іле өзенінің бүйірлік ағындарының ұлғаю салдарынан Қапшағай СЭС-нан 164 км жоғары – Іле өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалып отыр. Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, су деңгейі – 489 см (қауіпті деңгей – 500 см).

Тауларда қардың қарқынды еруі мен жауын-шашынның салдарынан Бартоғай су қоймасынан жоғары – Шілік өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. Сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, су деңгейі – 404 см (қауіпті деңгей – 424 см).

Бартоғай су қоймасынан су тасталымы нәтижесінен Малыбай а. – Шілік өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалып отыр. Сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, су деңгейі – 171 см (қауіпті деңгей – 186 см).

Қапшағай СЭС-нан 164 км жоғары – Іле өзені гидрологиялық бекетінен келетін судың ұлғаюына байланысты Қапшағай қаласы – Қапшағай су қоймасы гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалуда. Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, су деңгейі – 1148 см (қауіпті деңгей – 1150 см).

Гидрологиялық бекеттерде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, сонымен қатар су деңгейі қауіпті деңгейден асуы мүмкін.

Қонаев қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

2024 жылғы 26-28 мамыр аралығында облыстың таулы және тау етегіндегі аймақтарда болжанылған көп мөлшердегі жауын-шашынға байланысты беткейлік ағындардың қалыптасуы, кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың сулылығы көбеюі, сондай-ақ өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, қауіпті деңгейден асуы мүмкін.

Бұл ретте автожолдар мен темір жолдарды, тұрғын елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды су басуы және су жайылуы мүмкін.

Күндіз аймақтың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысы мен шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Аймақтың солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз өңірде жаңбыр, солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с. Түнде аймақтың оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Петропавлда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Абай облысы

Күндіз өңірдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде аймақтың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, батысы, орталығы мен оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с. Өңірдің орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Ұлытау облысы

Күндіз өңірде найзағай күтіледі. Түнде және таңертен аймақтың солтүстігі мен шығысында тұман болады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында 15-20, кей уақытта 23 м/с. Аймақтың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Жезқағанда найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күңдіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Ақмола облысы

Облыстың оңтүстігі мен шығысында түнде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Күндіз қатты жаңбыр жауады. Күндіз аймақтың батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, өңірдің солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетауда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертен өңірдің батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Күндіз аймақтың батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде өңірдің батысында 15-20, күндіз 15-20, аймақтың солтүстігі мен батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Аймақтың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысы

Өңірде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

Аймақта батыстан жел соғады, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысы

Өңірдің батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел батысқа ауысады, күші облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодар қаласында күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысы

Аймақта жел батыстан соғады, облыстың орталығы мен шығысында күші 15-20 м/с сақталады. Өңірдің шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

Облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, тұман күтіледі. Таразда түнде найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың батысы мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

Талдықорғанда күндіз қатты жаңбыр күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Қар жауып, ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше жол жабық тұр. Нөсерден кейін Астананы су басты – видео.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама