×

Нөсерден кейін Астананы су басты – видео

Сондай-ақ, бүгін Ақмола облысында қар жауды

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2024 | 17:10
фото: видеодан кадр

Елордада нөсер жауып, көшелерді су басып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Кейбір тұрғындар суды жаяу кешсе, көлік жүргізушілері су астында қалған жолдармен «жүзіп» өтуге мәжбүр.

Су соратын коммуналдық қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Дегенмен кейбір көшеде бағдаршам жұмыс істемей қалған. Салдарынан көлік кептелісі қалыптасқан. 

Қазір әлеуметтік желіде бас қаланың суға батқан көшелері мен автобус аялдамаларының фото-видеолары жаппай жарияланып жатыр.

25 мамырға ауа райы болжамы жарияланды. Қар жауып, ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше жол жабық тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама