×

Қар жауып, ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше жол жабық тұр

Ауа температурасы минус 3-ке дейін төмендеген

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2024 | 14:02
фото: ТЖМ видеосынан кадр

Бүгін таңертеңнен бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, температураның – 3-ке дейін төмендеуі) республикалық және облыстық маңызды автомобиль жолдарында көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Автожолдар Астрахан мен Егіндікөл аудандарындағы учаскелерде жабылды:

  • «Екатеринбург-Алматы» 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы);
  • «Егіндікөл-Жолан» 0-61,3 км;
  • «Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 43-119 км;
  • «Жалтыр-Макинск» 0-38 км;
  • «Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 0-43 км;
  • «Новочеркасское-Егіндікөл-Қайнар» 0-52 км.

25 мамырға ауа райы болжамы жарияланды. Маусымға арналған ауа райы болжамы жария болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама