Қазақстанда қанша мұражай бар: Бүгін - Халықаралық музейлер күні
Отандық музейлерде қанша адам еңбек ететіні де белгілі болды
18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Бұл – әртүрлі мәдениет пен халықтар мұрасын қастерлеп, оны көпшілікке қолжетімді ететін музей мамандарының жыл сайын тойлайтын мерекесі, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Халықаралық музейлер күні 1978 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІІ Бас ассамблеясының шешімімен жарияланды. Жыл сайын 150-ден астам елде атап өтіледі. Бұл күні музейде ашық есік күні өтеді. Сол күні келушілер барлық көрме мен экспозицияны тамашалай алады. Қазақстанда 150-ге жуық музей бар, онда 10 мыңға жуық адам еңбек етеді, дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Еліміздің мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін қастерлейтін қадірлі жандарды мерекемен құттықтаймыз. Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз біздің қоғам үшін өте маңызды. Сіздер болашақ ұрпақ үшін еліміздің жарқын әрі бірегей тарихыннан сыр шертетін ең құнды байлықты сақтап, еселі еңбек етіп келесіздер, – деді министрлік.
Астанада Ботай жылқысына ескерткіш орнату және ашық аспан астындағы музей құру ұсынылды. Qazaq Culture жаңа сайты іске қосылды. Ұлттық музейде қазақ кескіндемесінің жауһарлары ұсынылды. Қызылорда облысында «Руханият» орталығының іргетасы қаланды. Шерхан Мұртазаның қара шаңырағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ұлттық орталық қорына 40 көне қолжазба мен кітап тапсырылды. Жаңаарқа тұрғыны ауласынан 100 жыл көмулі жатқан жапондық тапанша тауып алды (ВИДЕО).