Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысының тұрғыны ірі көлемде есірткі өсірген

Ол мыңдаған түп көкнәр өсірумен айналысқан

 Қымбат Елтайқызы 03.06.2022 | 11:35

Түркістан облысы тұрғынынан 2 720 түп көкнәр тәркіленді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов бастаған сақшылар тобы жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ірі көлемдегі есірткі егістігін жойды.

Бізге «Сарыағаш ауданының тұрғыны есірткі егумен айналысады» деген жедел ақпарат түсті. Есірткіге қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін полицейлерден шұғыл топ құрдық. Бірден Сарыағаш ауданына іссапармен шығып, жан-жақты тексеру жүргіздік. Жинақталған дерек көздеріне сүйеніп, күдіктіні анықтадық. Оның үйіне тінту жұмыстарын жүргіздік. Осылайша, егде жастағы ер адамның үйінің артқы жағында орналасқан егістік алқабынан күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдіктерді таптық. Айғақ зат ретінде күдіктіден 2720 түп өсімдікті тәркілеп, оларды сараптамаға жібердік. Сараптама қорытындысы бойынша, алынған түптер «көкнәр» өсімдігі болып шықты. Жергілікті тұрғынның есірткі егіп-өсіруі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір аталған жайт қылмыстық кодекстің 300-бабымен (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) СДТБТ-ға тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, – деді Сахов.

Атап өтсек, 1 маусым-30 қазан аралығында есірткі қылмыстарын болдырмау мен алдын алу үшін «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Гашиш пен миллиондаған ақша: Елордада есірткі сатушылар ұсталды. Ақтөбелік тұрғын жылыжайда қарасора өсіріп, есірткі зертханасын ашқан. Есірткіні іш киіміне жасырып, алып өтпек болған өзбекстандық құрықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама