Келген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асады
Шығыс Қазақстан облысында браконьерлерден екі тоннадан астам балық тәркіленді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
«16 сәуір мен 30 мамыр аралығында ШҚО аумағында су биологиялық ресурстарының заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған «Нерест-2022» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Шара барысында тәртіп сақшылары табиғатты қорғауға арналған 340 рейдтік шаралар жүргізді», – дейді ІІМ.
9 қылмыстық іс, оның ішінде 8-і заңсыз балық аулау және бір факт сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктермен заңсыз айналысу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балық ресурстарын қорғау саласындағы табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 287 адам жалпы сомасы 4,5 млн теңгеден астам айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы, «Нерест-2022» іс-шарасы барысында полицейлер құқық бұзушылардан 2 мың келіден астам заңсыз ауланған балық, 32 қылмыс құралы, оның ішінде 3,3 мың мерт тор және 3 жүзу құрылғысын тәркіледі. Келген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асады.
Мәселен, 19 мамырда «Нерест-2022» жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткен рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полиция бөлімі мен ШҚО ПД ЖПҚБ іздеу тобының қызметкерлері жыл бойына тыйым салынған аумақтардың бірінің жағалауында Бұқтырма су қоймасы учаскесінде Қырым қайықпен браконьерлікпен айналысып жүрген Күршім ауданының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Одан түрлі тұқымды балық салынған 5 қап тәркіленді. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы – 154 келі, келген шығын – 9 млн теңгеден астам, – дейді ведомство.
Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 335-бабы 3-бөлігі (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Бекіре» акциясы: Заңсыз айналымнан 20 тоннадан астам балық алынды. Заңсыз балық аулау: Қызылорда облысында 30 заң бұзушылық анықталды.