×

Жетісу облысында 4 күн бұрын жоғалған жігіт өлі табылды

Мәйіт Көксу өзенінің түбінде жатқан

 Еркеғали Болатұлы 28.04.2024 | 12:55
фото: Шымкент қаласының ТЖД

Жетісу облысының Көксу ауданында 4 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды.

23 сәуірде Көксу ауданының полиция бөліміне ұлының жоғалғаны туралы арызбен Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, 29 жастағы жігіт мал жаюға шығып, оралмаған.

Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бағытталды.

Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылынан табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды.

27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіті Көксу өзенінің түбінен табылды. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама