×

Айтайын десе, атып тастайды – депутат рейдерлікке ұшыраған қазақстандықтар туралы

Олар әлі қорқып жүр

 Дәурен Ерболат 24.04.2024 | 15:25
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Қазақстанда рейдерлікке ұшыраған тұрғындар дүние-мүлкін қайтара алмай отыр. Себебі мәселесін айтайын десе, оларды атып тастайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжілісте кейбір экономикалық қылмыстарға жазаны жеңілдетуді көздейтін заң жобасы таныстырылды. Жиында Жигули Дайрабаев рейдерлікке ұшыраған қазақстандықтардың өз құқығын қорғай алмай отырғанын жеткізді.

Жасыратыны жоқ, қазір біз Парламентке депутат болып келгелі бұл мәселе жиі көтеріледі. Бұрын қоғамда рейдерлікпен тартып алынған заттарды, дүние-мүлікті өзінің атына қорқытып жазғызып алған. Мұны айтайын десе, атып өлтіріп тастайды. (Олар) содан қорқып жүрді. Қазір біздің біраз әріптесімізге хат жазып, басымызды ауыртып жатыр. Кейбір адамдар түрмеге қамалды. Осы заңның аясында дүние-мүлікті заңдастыруға бола ма? Аталған мәселе осы заңдарда қарала ма? - деді ол.

Заңды таныстарған депутат Абзал Құспан жұмыс енді басталғанын жеткізді.

«Бүгін тек заңның жалпы таныстырылымы болды. Осы ұсыныстардың барлығын қарастырайық. Жұмыс барысында қосымша механизмдерді енгізейік», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама