×

Ұлытау облысы мәслихатының жаңа құрамы белгілі болды

Ұлытау облыстық мәслихатының бірінші сессиясы 8 маусымда Жезқазғанда өтеді

 Айнұр Шошаева 02.06.2022 | 11:56
Жеңіс Қасымбек, фото: eparhia.kz

Бүгін Қарағанды қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтті. Сессия барысында Қарағанды мен Ұлытау облысын бөлу арқылы екі облыстың мәслихатын қайта ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Дауыс беру барысында Қарағанды облыстық мәслихаты құрамында 26 депутат, ал Ұлытау облыстық мәслихатында 12 депутат болады. Мәслихаттарды құру кезінде депутаттардың тұрғылықты және тіркелген жерлері негізге алынып отыр.

«Жезқазған аймағы 30 жылға жуық біздің облыстың дамуына сүбелі үлесін қосты. Биыл Мемлекет басшысының шешімімен бірнеше облыс құрылып, ел тарихында жаңа кезең басталды. Қазіргі құрамда біз соңғы рет кездесіп отырмыз, жаңа құрылған Ұлытау облысының мәслихатының алдында маңызды міндеттер тұр. Жаңа өңірдің дамытуға тарихи, маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Ұлытау облыстық мәслихатының бірінші сессиясы 8 маусымда Жезқазған қаласы әкімдігінің ғимаратында өтеді. Бекзат Алтынбеков мәслихат хатшысы сайланғанға дейін Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама