×

Ресейге жұмыс іздеп барған қазақ жігіттері есірткіге ұрынып жатыр - сарапшы (ВИДЕО)

Мына жерде түрмеде отырғанша, соғысқа барсам, жылым қысқарады деп жатыр

 Халық үні 19.04.2024 | 14:10

Telegram арнасы арқылы қазақ балалары Ресейге жұмысқа шақырту алған. Сөйтіп, онда 30 бала кеткен. Арасында кәмелетке толмағандары да бар.

Ресейге жеткен соң, ата-аналар олардан хабарсыз қалған.

Менің ұлым – 19 жаста. Кеткен соң, бір-екі күннен кейін телефоны өшіп қалды. Бір күні балаңыз есірткімен ұсталып, тергеу изоляторында жатыр деп хабарласты. Менің балам тіпті темекі де шекпейді. Жұмыс істеймін деп барған. Түрмеге кездесуге барғанымда балам ештеңе айта алмаймын деп, кешірім сұрап жылады. Ол жерде қазақша сөйлетпейді. Ұлым мына жерде түрмеде отырғанша, соғысқа барсам, жылым қысқарады деп жатыр, - дейді Динара Балажанова.

Ресейге жеткен соң, жұмыстың заңсыз екенін, алданып қалғандарын түсініп, есірткі тасудан бас тартқан балаларды «ата-анаңды тірі көрем десең, аяқ-қолыңнан айрылғың келмесе, тасисың» деп қорқытқан.

Халықаралық заңгер Мейірман Шекеев қазір 3 баланы ғана елге қайтара алғандарын айтады.

«Дәл осы жүйемен Ресей түрмесіне түскен азаматтарын Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан алып кетіп жатыр. Түрмеде қазақ балалары ғана қалды», - деп қынжылды заңгер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама