×

Су басқан үйлердің саны 6 мыңнан асты – ТЖМ

113 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді

 Дәурен Ерболат 18.04.2024 | 16:45
Фото: ТЖМ

Қазақстанда тасқын салдарынан 6 мыңнан аса үй су астында қалды. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 880 адам, оның ішінде 43 900 бала эвакуацияланды. 19 мың 71 адам үйіне оралды. 113 852 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. 8 914 адам, оның ішінде 4 019 бала эвакуациялау пунктеріне орналастырылды. 4 237 тұрғын үй мен 2 698 ауладан судың бағыты бұрылды. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 мың 46 тұрғын үй, 1 130 аула су астында қалды, - деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-да өткен брифингте.

Бүгінде 10 млн 200 мыңнан аса текше метр еріген қар суы шығарылып, тасқынға қарсы 3 млн 200 мың қапшық пен 1 млн 400 мыңнан аса тонна инертті материал төселген.

Апаттық-құтқару жұмыстарына 44 121 адам, 4 610 техника, оның ішінде 858 су сору құралы, 339 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылған.

Сондай-ақ ТЖМ өкілі 5 өңірде 2,4 мың адам құтқарылғанын жеткізді.

Солтүстік Қазақстан облысының Темирязев ауылынан, Қызылжар ауданының Соколевка, Барневка, Долмотов ауылдарынан, Петропавл қаласындағы Подгора, Кожвенный шағын аудандарынан, Заречный кентінен, Ақмола облысы Жарқайың ауданының Львовское ауылынан, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйылыс, Нұра ауылдарынан, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе, Қазталов аудандарының Қаратөбе, Жалпақтал ауылдарынан, Қостанай обылысы Жангелдин ауданының Байтұрсынов ауылынан барлығы 2 475 тұрғын алдын ала эвакуацияланды, - деді аға офицер.

ТЖМ су тасқыны кезеңінде қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пунктерінен рұқсатсыз шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама