×

Су басқан аймақта соқырішекпен ауырған бала құтқарылды (ВИДЕО)

Жедел уәкіл оны қайыққа арқалап жеткізген

 Дәурен Ерболат 15.04.2024 | 13:49
Фото: Telegram/policeofkz

Петропавлда су тасқыны кезеңінде полиция соқырішекпен ауырған баланы құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.

Таңертең Ойқала ауданында дәрігерлер соқырішекпен ауырған 14 жастағы баланы қалаға апара жатқан. Алайда жедел жәрдем көлігі көпірден өткенмен әрі қарай жүре алмаған. Себебі алдағы Потанин көшесін су басқан. Осы сәтте дәрігерлерге полиция қызметкерлері көмекке келді.

Жедел уәкіл Біржан Бәкіров баланы қайыққа арқалап жеткізген. Қайыққа баланың анасы мен медицина қызметкері де отырғызылды. Оларды облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері судың арғы жағынан күтіп алды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама