×

Балабақшалар мен мектептерде ауыр қылмыспен сотталғандар жұмыс істеген

Тексеріс барысында заңның өрескел бұзылғаны анықталды

 Дәурен Ерболат 15.04.2024 | 13:00
Фото: almaty.tv

Павлодар облысында балабақшалар мен мектептерде ауыр қылмыс жасап сотталғандардың жұмыс істегені анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Железин ауданында прокурорлар ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында жұмыс істегенін анықтады.

Мысалы, аудандағы балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.

Бірнеше білім беру мекемесінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды.  Мұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған.

Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды, - деп жазылған хабарламада.

Осылайша, жалпы 500-ден астам баланың құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама