×

ШҚО-да мұнай базасының аумағында 2 көлік өртенді

Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 13.04.2024 | 14:14
Фото: видеодан скриншот

Өрт сөндірушілер жанармай таситын көліктерде шыққан өртті жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ШҚО-да Алтай ауданында мұнай базасының аумағында бокста 2 бензин тасығыш өртенген. Оқиға орнына барған өрт сөндіру бөлімшелері 19 шаршы метр аумақта өртті жедел түрде жойды.

 Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама