×

Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы ауылдардан тұрғындар эвакуацияланды (ВИДЕО)

Өңірдегі 2 ауылға су басу қаупі төнген

 Дәурен Ерболат 13.04.2024 | 09:42
Скрин видео

Ақтөбе облысында 300-ден аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов айтты, деп хабарлады ТЖМ.

Оның айтуынша, Торғай өзенінде су деңгейі көтеріліп, Ырғыз ауданындағы Мамыр және Нұра ауылдарының тұрғындарына қауіп төнген.

Осыған байланысты кешеден бері ТЖД қызметкерлері Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен Мамыр ауылынан 80 адамды, Нұра ауылынан 233 адамды жалпы 313 адамды эвакуациялады. Олар Ырғыз ауданындағы эвакуациялау пунктіне орналастырылды, - деді Нұрғали Жүнісов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама