×

Астанада 100-ден аса адамға заңсыз автонесие рәсімдеген алаяқтар ұсталды

Келтірілген залал көлемі – шамамен 1,6 млрд теңге

 Динара Амантай 10.04.2024 | 13:47
Коллаж: БҚДА баспасөз қызметі

Астана полициясы 1,6 млрд теңге шығын әкелген алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдіктілер азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар 3 күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңге болды.

Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, сондай-ақ іске қатысы бар мәліметпен бөлісу үшін полицияға хабарласыңыз, – делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама