×

Қоғам белсендісіне Бишімбаевтың сотына қатысты жазбасы үшін айыппұл салынды (ВИДЕО)

Ол желідегі жазбасынан кейін құқық қорғау қызметкерлері тарапынан қудаланған

 Еркеғали Болатұлы 08.04.2024 | 16:16
фото: kazlenta.kz

Алматы қаласының тұрғынына Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты жазбасы үшін айыппұл салынды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Ислам Угушевтің Қуандық Бишімбаевтың соты туралы әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан кейін құқық қорғау қызметкерлері тарапынан қудаланып, айыппұл салынғаны туралы үндеуі пайда болды. Ол өз жазбасында Бишімбаев сотта телефон қолданды деп топшылаған.

Қалалық ПД баспасөз қызметі полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақша авторы анықталғанын, ол өз жазбасында сот процесінде сотталушы Бишімбаевтың ұялы телефон пайдаланғаны туралы хабарлағанын жеткізді.

Ол жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, - деді полиция өкілдері.

Айта кетейік, 3 сәуірде Бишімбаевтың ісі бойынша өткен сотта телефон қолдану мәселесі талқыланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама