×

Алматы облысында су қоймасы бөгетінің бұзылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды

12 мыңнан астам адам тұратын 2 елді мекенді су басу қаупі туындады

 Динара Амантай 05.04.2024 | 15:08
Фото: gov.kz

Алматы облысының прокурорлары Ворошилов су қоймасының бөгетін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 30 наурызда Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылған. Салдарынан Жармұханбет өзенінің арнасы бойындағы екі көл толып кетіп, 12 мыңнан астам адам тұратын 2 елді мекенді су басу қаупі туындады. Тұрғындардың бір бөлігі шұғыл эвакуацияланды.

Ашылған штаб, уәкілетті органдар мен еріктілердің күштері қайғылы салдардың алдын алды.

Алматы облысының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша ҚР ҚК-нің 371-бабы («Немқұрайлылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оны тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне тапсырылды, – делінген хабарламада.

Анықтама үшін: 2017 жылы 10 мамырда су қоймасы Алматы облысы қаржы басқармасының шешімімен сенімгерлеік басқару шарты негізінде «Л. Петрова» ЖК-ге берілді. Соңғы баланс ұстаушы – Алматы облысының ауылшаруашылығы басқармасының «Ілеиррегация» СШ МКК.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама