×

Алматыда 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

Қабылдау пункті аптаның соңына дейін ашық

 Дастан Жұмабекұлы 04.04.2024 | 14:08
Фото: https://t.me/tvalmaty

Бүгін Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді, деп хабарлады Almaty телеарнасы.

Қайырымдылық акциясына қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты. Соның нәтижесінде 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиеналық өнімдер, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар мен басқа да тұрмысқа ең бірінші қажетті заттар жиналды.

Көмек жинау пунктінің жұмысына 30-дан астам еріктілер ұйымы мен 100-ден астам ерікті атсалысты. Жастар саясаты басқармасы алматылықтарға игі істе көрсеткен белсенділігі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Еріктілер мен қала тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында зардап шеккен аймақтарға қысқа мерзімде көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.

Көмек қабылдау пункті аптаның соңына дейін Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында жұмыс істейді. Жұмыс уақыты – 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама