×

«Негізі, біз қабылдауға тиіс емеспіз». Қарағандыда кәмелетке толмаған жас ана дағдарыс орталығын паналап отыр

Баланың әкесіне қатысты қылмыстық іс жүргізіліп жатыр, ал анасының балаға қаншалықты қарай алатыны белгісіз

 Айнұр Шошаева 04.04.2024 | 13:22
фото: facebook.com/korgau.astana

Қарағандыда кәмелетке толмаған жасөспірім нәрестесімен дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Бұл ақпаратты «Қорғау» дағдарыс орталығының жетекшісі Анна Рыль таратты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның мәліметінше, 2008 жылы туған жасөспірім дағдарыс орталығына «Мерей» клиникасы әкімшілігінің өтініші бойынша орналастырылған. Анасы қызының жүктілігі туралы 7 ай өткенде білген. Алайда қызын тастап, өңірдегі қыстақтың біріне жұмысқа кетіп қалған.

Анасы ішкілікке салынған, қызын өзімен бірге алып кетуге мүмкіндігі жоқ. Жасөспірім анасына барғысы келеді, түрлі жолмен оның назарын аударуға тырысады, бірақ оған бәрібір. Өкінішке қарай, жасөспірімде девиантты мінез-құлық белгілері бар, олар өздерінің мінез-құлқын басқара алмау, ішінара не болып жатқанын түсінбеу арқылы байқалады, - деді ол.

Сондай-ақ ол баланың әкесіне қатысты (жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен ер азаматқа) қылмыстық іс жүргізіліп жатқанын айтты.

Жүктілік кезінде жасөспірім өзіне баланың қажет емес екенін айтты. Темекі сұрап, тіпті оны босанған соң перзентханада қалдырып немесе құдыққа тастайтынын айтып келді. Күнделікті өмірде ол агрессивті белгілерді, инфантильді мінез-құлық танытып, өзіне назар жетіспейтінін көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлерге онымен көп жұмыс істеуге тура келеді, - деп қосты Рыль.

Алайда бала туғаннан кейін жасөспірім баласынан бас тартпайтынын мәлімдеген.

Бірақ қайда барып тұратынын білмейді, себебі баспанасы, табысы мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары жоқ. Анасы көмектескісі келмейді. Ол баласына қарай ала ма, жоқ па, белгісіз. Қазір дағдарыс орталығы бұл балаға қайырымдылық негізде көмектесіп жатыр. Негізінде біздің орталық ол жасөспірімді қабылдауға тиісті емес. Себебі біз қаржыландыра алмаймыз, - деді ол.

Сонымен қатар Анна Рыль Қазақстанда жүкті немесе сәбилі болған жасөспірім аналарды қабылдайтын дағдарыс орталығы жоқ екенін атап өтті.

«Ондай балаларды орналастыратын жер жоқ. Бұл орталыққа жүкті болып келген бірінші жасөспірім емес. Менің тәжірибемде бір жылы Қарағандыда кәмелетке толмаған 4 жүкті қыз түскен кез болды. Олардың басынан өткен жағдайы әртүрлі, бірі ерікті түрде, енді бірі зорлық құрбаны болған. Былтыр бір жүкті жасөспірім болса, биыл осы бірінші жағдай болып отыр. Өкінішке қарай кәмелетке толмаған жас аналарды қабылдайтын орталық жоқ. Кәмелетке толмағандықтан оны Аналар үй оны қабылдай алмайды. Ал балаларды қолдау орталықтары ол жүкті болғандықтан қабылдамайды. Бұл балалардың тағдыры әрі қарай қалай болатынын білмеймін. Оны балалардың құқығын қорғау органдары шешуге тиіс. Егер бұл орган дер кезінде баланың анасына қатысты тиісті шараларды қабылдағанда, бәлкім бұл жағдай болмайтын ба еді. Енді жағдайдың қалай шешіліп, балалардың әрі қарай тағдыры қалай болатынын балалардың құқығын қорғау органдары шететін болады. Әзірше ол бала біздің орталығымызда тұрып жатыр, өз күшімізбен көмектесуге тырысып жатырмыз», - деді Анна Рыль.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама