×

Түркістан облысында 27 тұрғынды алдаған алаяқтың ісі сотқа жолданды

Ол жәбірленушілерден 200 мың мен 1,5 миллион теңге көлемінде ақша алған

 Динара Амантай 03.04.2024 | 15:58
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында азаматтарға 19 млн теңге шығын келтірген алаяқтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады.

Анықталғандай, күдікті тұрғындардың сеніміне кіріп, кәсіппен айналысу үшін қолма-қол несие шығарып беремін деп алдын ала ақшаларын алған. Ол осындай жалған уәде беріп, 27 тұрғынды алдап үлгерген. Жәбірленушілерден 200 мың мен 1,5 миллион теңге көлемінде ақша алып, жалпы 19 миллион теңге шығын келтірген.

Күдікті ер адамның ісі сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама