×

Ер адам әйелінің көз алдында қаза тапты

29 жастағы Kia жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 31.03.2024 | 18:18
фото: Halyq Uni

Шымкентте қайғылы жол апаты болды.

Kia автокөлігінің жүргізушісі әйелімен бірге жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 1976 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бәйтереков көшесінде (Астана даңғылына жетпей) болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші есін жимай, сол жерде көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы Kia жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 48 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама