×

Алматыда жатақханаларды жекешелендіруге уәде берген алаяқ ұсталды

Зардап шеккендер көп болуы мүмкін

 Динара Амантай 20.03.2024 | 16:45
Фото: Halyq Uni

Алматыда жатақханаларды жекешелендіремін деп жалған уәде берген күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған азамат тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшалай сыйақы үшін жатақханаларын жекешелендіріп беруді уәде еткен. Ол жатақханадағы пәтерлерді сатып алып, заңдастыруды, қажет болған жағдайда қоғамдық қор арқылы несие алуды ұсынған. Бірақ бұл қызметтері үшін алдымен ақы төлеу керек болды.

 Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция қызметкерлері зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты олар тұрғындардан мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады: 8-702-646-43-46; 8-778-591-91-35 және 8-778-481-19-00.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама