Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен барды

Қымбат Елтайқызы

Президенттің не үшін Алматыға барғаны белгілі болды

фото: Борт №1

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Тоқаев ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады», – делінген ақпаратта

Сонымен қатар президент бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді әрі жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытқан болатын.