×

Түркістан облысында алаяқ тұрғындардан алған ақшаны құмар ойынға салып жіберген

Қазір күдіктінің қылмыстық ісі сотқа өтті

 Динара Амантай 19.03.2024 | 14:45
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында тұрғындардан алаяқтықпен ақша алып, құмар ойынға салып жіберген күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 35 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Күдікті ер адам өзінің танысын кәсіпорындардың бірінде оператор қызметіне жұмысқа орналастырып беремін деген желеумен сеніміне кірген. Одан 1 миллионға жуық қаржысын алып, байланысқа шықпай, ізін суытқан.

Тәртіп сақшылары оның бұдан бөлек тағы 2 алаяқтыққа қатысы барын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгеден асады. Ол жәбірленушілерден алған ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген.

 Қазір күдіктінің қылмыстық ісі сотқа өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама