×

Түркістан облысында еден жуушы оқушының телефонын қолды қылған

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 18.03.2024 | 15:43
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында еден жуушы оқушының телефонын қолды қылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жергілікті 43 жастағы тұрғынды анықтады.

Белгілі болғандай, қылмысқа барған күдікті әйел мектепте еден жуушы болып жұмыс істеген. Оқиға болған күні ол спорт залдағы қыздардың киім ауыстыру бөлмесін тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде сөреде тұрған Oppo A53 телефонын жымқырып кеткен. Ұрлап алған телефонын әйел сатып жіберген.

Тәртіп сақшылары күдіктінің сатып жіберген телефонын тауып, заңды иесіне табыстады. Қазір күдіктінің бұдан басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама