×

Туберкулез, қант диабеті, қатерлі ісікке шалдыққан науқастар МӘМС жүйесінде болмаса да тегін емделеді – министр

Денсаулық сақтау министрі заңға өзгеріс енгізілетінін айтты

 Дәурен Ерболат 18.03.2024 | 13:27
Ақмарал Әлназарова, фото: Halyq Uni

Енді әлеуметтік мәні бар ауруларға шалдыққан қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде болмаса да тегін емделеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан әлеуметтік мәні бар ауруға (туберкулез, қант диабеті, қатерлі ісік, АИТВ, созылмалы вирустық гепатиттер бауыр циррозы) шалдықты деп күдікке ілінген адамдарға медициналық көмек көрсету үшін нормативтік базаға өзгерістер енгізеді, - деді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, тұрғындардан медициналық көмектің қолжетімділігін шектеуге қатысты көптеген шағым түскен. Шағым диагноз қою үшін қажет клиникалық-диагностикалық зерттеулерге қатысты болған.

«Енді әлеуметтік мәні бар ауруға шалдықты деп күдікке ілінген адамдарға МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес диагностикалық зерттеулер тегін қолжетімді болады», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама