×

Жұмысшыларына жалақы төлемеген кәсіпорындарға 9,5 млн теңге айыппұл салынды

Олардың қарызы 1,1 млрд теңгеден асқан

 Динара Амантай 15.03.2024 | 11:11
Фото: Halyq Uni

Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 78 кәсіпорны 7,1 мың жұмыскерге 1,1 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 105 нұсқама беріліп, 9,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 529 млн теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама