×

Су тасқынына дайын емес әкімдіктерге ескерту жасалды

Су басу қаупі бар аймақта 400-ден аса елді мекен орналасқан

 Динара Амантай 14.03.2024 | 16:16
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Су басу қаупі бар аймақта 217 елді мекен орналасқан. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Аймақтардағы су тасқыны кезеңінің өтуі туралы ақпарат» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алтай Мырзабаев, Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының міндетін атқарушы Жомарт Асқаров, «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров, КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев, СРИМ Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева сөз сөйледі.

Ел бойынша ағымдағы су тасқынының жағдайы бүгінде салыстырмалы түрде тұрақты. Елді мекендерде су айдау және қар шығару, су бұру арналарын, арықтарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

Наурыздың бірінші онкүндігінде елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында бір мезгілде қатты жауын-шашын болып, ауа температурасы көтерілді. Он күн ішінде ел аумағын қармен жабу ауданы 72 пайыздан 61 пайызға дейін төмендеді.

Су басу қаупі бар аймақта тәуекелді бағалау критерийлеріне сәйкес 217 елді мекен орналасқан.

Елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Жыл басынан бері 64,8 шақырым уақытша бөгеттер және елді мекендердің айналасында 52,7 шақырымнан астам қорғандар салынды. 721 шақырымға жуық каналдар мен 2 296 шақырым арықтар, автомобиль және теміржол астындағы 15 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды. 384 мың тоннадан астам инертті материалдар және 1 миллион 200 мыңнан астам қапшық дайындалды. Су тасқыны мүмкін болған жағдайда халықты қабылдайтын 3 031 пункт және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру учаскелері дайындалды, маршруттар нақтыланды, арнайы көліктер анықталды.

Биыл 22 қаңтардан бастап 20 наурызға дейін су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы барлық жерде өткізіліп жатыр.

Аумақтық төтенше жағдайлар департаменттері мен әкімдіктер қызметкерлерінің қатарындағы жұмыс топтары аудандар мен елді мекендердің су тасқынына дайындығына бағалау жүргізді. Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары әкімдіктерінің су тасқынына дайын еместігі туралы 356 ескерту берілді.

Бүгінде су тасқыны төтенше жағдайларының ықтимал жағымсыз салдарының алдын алу және азайту мақсатында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің барлық бөлімшелері жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында 39 мыңнан астам адам, шамамен 11,7 мың техника, «Қазавиақұтқару» АҚ 18 әуе кемелері, 508 жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалар бар күштер мен құралдар топтамасы қалыптастырылған.

Жыл басынан бері Ертіс, Аблакетка, Громотуха өзендерінде мұз кептелістерінің пайда болуына, топырақ бетінде мұз қабығының болуына, мол жауын-шашынның түсуіне, ауа температурасының күрт көтерілуі аясында қардың қарқынды еруіне байланысты еліміздің 9 өңірінде су басу оқиғалары кездесті. Сонымен қатар бірқатар өңірде аула аумақтарын су басу фактілері тіркелді. Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 10 учаскені су басты. Су басуға табиғи факторлардан басқа (топырақтың қатуы, қатты жауын-шашын, мұз қабығының болуы, қоршаған орта температурасының күрт көтерілуі) су бұру арналарының, арықтардың, зардап шеккен елді мекендер ішінде арық-дренаж жүйесінің болмауы немесе өткізу қабілеттілігінің төмендігі ықпал етті.

Су тасқыны жағдайына гидротехникалық құрылыстардың жағдайы әсер етуі мүмкін. Су ресурстары және ирригация министрлігінің соңғы жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері бойынша қолда бар 1502 тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың, 537-сі жөндеуді талап ететіні анықталды. Бұл ретте 322 гидротехникалық құрылыстар ықтимал авариялық режимі кезінде халыққа қауіп төндіреді, оның 105-і жөндеу жүргізуді талап етеді. Ықтимал су басу аймағында 481 елді мекен бар, онда 1,5 миллионнан астам адам тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама