×

Ұлытау облысында борышкерлер жауапқа тартылды

Прокурорлардың іске тікелей араласуымен борышкерлер 92 млн теңге алимент төледі

 Дастан Жұмабекұлы 04.03.2024 | 16:52
Фото: sud.gov.kz

Ұлытау облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер жауапқа тартылды, деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Прокурорлардың іске тікелей араласуымен борышкерлер 92 млн теңге алимент төледі. Бұған дейін облыста алименттен жалтарып жүрген азаматтардың 259 млн теңге қарызы болса, енді ол 167 млн теңгеге азайды, – деп хабарлады Ұлытау облысының прокуратурасы.

Сонымен бірге прокурорлар алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 7 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен 6 әкімшілік іс қозғады. Оның ішінде 5 борышкерге қатысты әкімшілік қамаққа алу, бір борышкерге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама