×

Семей маңында жеке тұрғын үйде пештен ақау шығып, екі адам уланды

Министрлік мұржаны уақытылы тазартып тұруды ұсынды

 Халық үні 03.03.2024 | 11:10
фото: Halyq Uni

Семей маңындағы Строительный ауылында екі адам уланып, ауруханаға түсті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұл жағдай 3 наурыз сағат 6:10 кезінде болған.

Ауылдағы жеке тұрғын үйде көмір жағып отырған пештің мұржасында ақау шыққан. Салдарынан екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды.

Уланудың алдын ала себебі – пешті пайдалану ережелерін бұзу. 

Осы жағдайға Абай облысы төтенше жағдай департаменті жеке құрамынан 1 адам және 1 техника жұмылдырылды.

Соған байланысты министрлік мұржаны уақытылы тазартып, желдеткіш жүйесінің жұмысын жүйелі түрде тексеруді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама