×

Қарағанды мен СҚО-да тұрғын үйлерде болған өрттен 3 адам қаза тапты

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

 Динара Амантай 02.03.2024 | 16:56
Фото: gov.kz

Өткен тәулікте бірнеше өңірде тұрғын үйлер өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өткен тәулікте Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрғын үй секторында өрт кезінде 3 адам қаза тапты.

Шымкент қаласының өрт сөндірушілері тұрғын үйдегі өртті сөндірді. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 25 литр газ баллон жарылды, алайда қирау болған жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Газ баллондарын жылыту құрылғыларының жанында сақтамаңыз, киім-кешекті және басқа заттарды пештің үстінде кептірмеңіз, мүмкін болса, мұржаларды тазалаңыз, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама